Сыныпта бақылау камерасын орнату - оқушыларды зомбиға айналдырмай ма?

Сыныпта бақылау камерасын орнату - оқушыларды зомбиға айналдырмай ма?

Жаңа оқу жылында жүзеге асырылып бастайтын "сынып бөлмелеріне бақылау камерасын қою" мәселесіне қатысты белсенді ұстаз Азамат Сәмбетқұлов өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Мектептегі сынып бөлмелерінде бақылау камераларын орнатудың түрлі зиян жақтарын айтқым келеді. Біріншіден, отыз мың теңгелік камераларды жүз мың теңгеге орнату арқылы "пайда көру"қарқынды жүреді. 

Келесі мәселе, өзін сырттай камера бақылап тұрғанын білетін оқушы да, мұғалім де бәрібір еркін бола алмайды. 

Мысалы, сыныпта мұғаліммен сөйлескісі келетін оқушы болса, ол ендігі жерде камерадан сақтанып, ұстазының жанына жолай алмауы мүмкін. 

Оқушылар эмоциясын толық шығара алмайды. Сонымен қатар біліп тұрған сабағын ашық жеткізе алмай, "камера тұр" деген тартыншақтау болуы мүмкін. 

Камера орнату арқылы алдағы уақытта балаларымызды біртекті зомбиға айналдырып алуымыз әбден мүмкін. Мұның салдары суицидтің көбеюіне апара ма деп қауіптенемін. 

Төбесінде камера бақылап тұрған мұғалімде де еркіндік қасиеті біртіндеп жойылады" деген белсенді ұстаз сыныптарда бақылау камерасын орнатудың зардаптарын тізбектеп шықты. 

Барлық жаңалықтар