Желідегі жұрт Динараның дастархан басындағы қылығы үшін қырылып қалды, деп жазады Democrat.kz.
Желіге тараған бейнежазбадан оның үстел басында ұлы мен келінінің ортасында отырғанын байқауға болады.
Мұны көрген көпшілік «Менің енем күйеуіміз екеуіміздің ортамызға еш отырмапты», «Менің күйеуім үнемі қасымда отырады. Енем атамның жанында. Солай болу керек деп ойлаймын», «Сол үйдің отағасы Сәкен столдың аяқ жағына отырып қалыпты. Жолдасы екеуі қатар, жоғары отырса болар еді», – деді таңданған жұрт.