Табытқа салынған марқұм тіріліп кетіп, басқаларды қорқытты

Табытқа салынған марқұм тіріліп кетіп, басқаларды қорқытты

Үндістанның Махараштра штатында жүз жасар әйелдің қайтыс болғаны туралы хабарланған. Алайда жаназа рәсімі басталмай жатып кейуананың тірі екені мәлім болған деп жазады Democrat.kz.

"Жүз жасар Гангабай қайтыс болды деп есептелді. Барлығы жерлеу рәсіміне дайын болды", - делінген"Хиндустан" мақаласында.

Үйде марқұм әйелге дәстүр бойынша шатыр орнатылып, жерлеу рәсіміне сай киіндірілген. Жаназа рәсімі бойынша мәйітті тасымалдау үшін көлік күтіп тұрған көптеген туыстары мен жақындары жиналған тұста сұмдық жағдайдың куәсі болды. 

"Өлді" деп бетін жапқан әйел қимылдап, тіршілік белгілерін білдірген. Бір қызығы, бұл оның туған күнінде болды, деп атап өтті басылым.

Гангабайдың туыстары бұл оқиғаны құдіретті тылсым деп қабылдады. Аза тұту рәсімінің орнына отбасы оның 103-ші туған күнін қуанышпен атап өтті.

Барлық жаңалықтар