Тағы бір депутат әйелін парламенттің атынан құттықтап, масқара болды
11 мамыр 2026
157
Мақаланы бөлісу
Дәулет Мұқаев. Фото видеодан скрин.
Парламентте анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаровтан кейін әріптесі Дәулет Мұқаев та елде жоқ дүниені жасап, жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты.
"Біздің паламентте ресми құттықтауларға, іс шараларға барған кезде алып баратын осындай папка бар. Әйелім Лаура өзіне де осындай нәрсе жасауымды сұрады.
Өздеріңіз білесіздер, биыл шілдеде парламент тарайды. Жарайды, қолымда тұрған нәрсе ғой бұл деп, бес мың теңгесін төлеп, тілегімді арнайын дедім", деген депутат әйеліне ақжарма тілегін жаудырып, ҚР Парламенті адресатының атынан құттықтады.
Әлеуметтік желіде депутаттың бұл әрекеті ызу талқыланып жатыр.
Танымал журналист Диас Нұрақын: "
Ардақ Назаров анасын Мәжіліс мінберінен құттықтап еді. Енді Дәулет Мұқаев деген депутат әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты. Гештальтын жапқым келді дейді.
Заң шығарушы орган гештальт жабатын жерге айналған ба? Мыналарға тоқтам салмасақ, алдағы уақытта аурулары асқынып, құда-жекжатын Ақорданың атынан құттықтап, той-томалаққа Президенттің “Алғыс хатын” апарудан тайынбайды.
P.S. Биыл менің де әйелім 40 жасқа толады. Кабинетте “Алматы облысының әкімі” деген жазуы бар бірнеше адресат жатыр. Соның бірін сыйлап жіберсем бе екен? Әлде ол үшін бетімді біраз қалыңдатуым керек пе?"деп жазды.
Ал белгілі журналист Гүлбану Әбенова мемлекеттік ресми символикаларды жеке отбасылық дүниелерге қолдану әдепсіздік екенін айтып, сыни жазба жариялады.