Тағы бір еркек өз әйелін пышақтап өлтірді

Тағы бір еркек өз әйелін пышақтап өлтірді

14 қаңтарда Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты   Orda.kz. -ке сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасылық жанжал кезінде азаматтық некедегі жұбайын пышақтап тастаған.

Әйелді қансырап жатқан жерінен туыстары тауып алған. Өкінішке қарай, әйел қайтыс болды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Барлық жаңалықтар