Биыл тамадалардың масқаралары шығатын жыл болғаны ма, әлеуметтік желіде енді "Супер" тамада Сабыржан туралы ұятты дүниелер тарады деп жазады Democrat.kz.
Threads желісін қолданушы жас қыз өзіне танымал "Супер" тамаданың хат жазып, кездесуге шақырғанын айтты.
Әлеуметтік желіде жекесіне хат жазған "Супер" тамада жас қызды кездесуге шақырып, бірге қыдыруды ұсынған.
"Әйеліңіз бар емес пе?" Деген қыздың сұрағына "жоқ" деп жауап берген Сабыржан тамаданың бұл әрекеті қызу талқыға түсті.
"Бұлардың бәрі ұятсыз кен ғой", "арақ қойған тойға қатыспаймын деп пәлсінетін тамада еді, істеп жүрген тірлігіне қара", "бар әйелін жоқ дегені...", дегенге саятын пікір жазған жұрт реніш білдіруде.





