Белгілі блогер Мөлдір Анарбай мешітте неке қию мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, кей әйелдерге ақылын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Мұсылманша неке қиып алып, жарыңызды адал деп жүрсіз бе? Заң жүзінде ол Сізге ешкім де емес.
Ал, балалардан бас тартса, сот арқылы ғана әкелік растап, әуреге түсесіз. Көп қазақ әйелінің басындағы күй осы.
Әділет вице-министрі имамдар заңды неке куәлігінсіз мешітте екі жасты қоса алмайтынын айтты.
Қазір жастар ең алдымен мешітке барып некесін қидырады. Содан кейін салт-дәстүр, жөн-жоралғысын жасайды. Заңды неке екінші орында, тіпті соңғы этапта болып жататын кездер аз емес.
Мешіт – кез-келген адамның некесін қиып бере салатын орын емес! Ислам дінінде неке жариялы болмаса, күмәнді боп есептеледі. Оқыңдар, молдалар!
Талай қалтасы қалың еркекке тоқал алып бердіңдер. Әй отбасыңның обалына қала алмаймын, барыңдар демейсіңдер. Нағыз тозаққа аттанатын сендерсіңдер ғой. Қанша әйелдің боздап қалғанына себепкерсіңдер, қанша әйел білмей қалды, әлі де білмейді.
Адам құдай дегендер осы!
Енді имамдар заңды неке куәлігінсіз, екі жанды үйлендірсе сотталады!"деді блогер Мөлдір Анарбай.