"Абай туралы абайлап сөйлеу керек!" деген танымал журналист Мәриям Абсаттар "Абай мен Ділдә неткен бөлме" деген әріптесі Әлия Әшімге қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Абай туралы абайлап сөйлеу керек! Алаш зиялылары жайлы да.
Өйткені - екеуі де ұлтымыздың паспортына айналған тұлғалар.
Қай-қайсысы болсын хайпты көтермейді!
Алаш жайлы орыстілді аудиторияға кең насихаттап жүр ғой деп Майяға риза болушы едім. Ол "қазақ қыздары оқымаған, надан болған соң сол тұстағы зиялылар өзге ұлттан қыз алған" деп, тосын мінез танытып шыға келді.
Екінші бір көңілім толып жүрген сіңлім Әлия Әшім еді.
Ол да "Абай мен Ділдә неткен" деп ауыздан авария болды...
Бір қызығы, ол сол қылығы үшін ұялып тұрған жоқ.
Айналайын-ау, әке-шешең жайлы сондай сөз айтуға ұяласың ғой. Дұрыс па? "Әке-шешем нетіп, мен пайда боппын" демейсің ғой. Ол факт болса да, айтуға ұят, табу тақырып қой.
Ал енді оның қасында Абай деген - қазақтың ұлы ақыны.Оған тіл тигізу - ұлт намысын қорлау емес пе?
Ділдә - қасиетті анамыз.
Бүтін бір ұлттың анасы!
(Ұлы, Орта, кіші жүз деген трайбализмді былай қойғанда).
Яғни, журналист егер ол бейнежазбаны өзі үшін түсіріп, өз рұқсатынсыз тарап кетсе, таратқан адамды сотқа берсін.
Ал егер оз еркімен хайп қуып,оқырман жинау үшін әдейі жасаса, халықтан кешірім сұрасын!
Соны талап етейік!
Әйтпесе, әр тұлғамызды "неткізіп" қоюдан тайынбайтын тасырақбай ұрпақ келе жатыр. Мұқағалиды ашық балағаттаған Теменов сияқтылар!
P.S. Бізде жалпы тірі адамдарға тіл тигізуге болмайтыны жайлы заңның арнайы бабы бар. Президент пен оның отбасына да қатысты солай. Неге біздің бақилық болған тұлғаларымызды солай заңмен арнайы қорғап қоймасқа?! Ақыры, бір емес, екі емес, осымен нешінші мәрте осыған ұқсас оқиғалар орын алып жатыр. Басқасы басқа, журналистер осылай етсе...
Қазақ айтады ғой: "Ет сасыса, тұз себесің, тұз сасыса не себесің?" деп. Тура соның кебін киіп киіп тұрмыз қазір..." деп жазды Мәриям Абсаттар.