Діндар Мұхамеджан Тазабек осы елу жасқа келіп, өмірден түйгендері мен өкініштері туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Елу жасқа келіп, түсінгенім, өмірдің көбі кетіп, азы қалды. Жастайымыздан қолымызға домбыра алып, сахнаға шықтық. Үйлендік, балалы болдық. Қоғамға кірдік.
Таластық, тартыстық. Бүгін елуге келдік. Құдайдың берген мүмкіндіктерін пайдаланып, қуандық. Ал құдай берген мүмкіндіктерді бағаламай, жіберіп алған жерлерім менің өкінішім" дейді діндар.