“Махаббат бекеті” фильмінің режиссері Талғат Теменов продюсер Баян Мақсатқызының өзінен кешірім сұрағанына қатысты ойын айтты.
Айта кетейік, Баян Алагөзова өзін жұлдыз қылған ұстазына бір кездері қарсы шыққан еді.
“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен "Махаббат бекеті" фильміне түсіп, бірден танымал болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде "Мен киноға енді түспеймін", "Сіз маған енді керек емессіз" деп қатты айтып қойдым. Талғат Теменов менің алғашқы ұстазым әрі көп нәрсені сол кісіден үйрендім. Реті келіп тұрғанда, сол кездегі қатыгездігім үшін одан кешірім сұрағым келеді", – деген еді Алагөзова.
Одан кейін кинодраматург Талғат Теменов Баян Алагөзова туралы сөз қозғап, оны мақтады.
"Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрап-сұрамағанынан не өзгерді?! Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін", – деді ол QazaqAIRAN-ға берген сұхбатында.
Stan.kz