ТикТок әлеуметтік желісінде танымал әнші Қайрат Нұртастың түсініксіз бір видеосы жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.
Видеода әлдебір тойханаға кіріп келе жатқан әнші Қайрат Нұртасты жанындағы жігіт сүйемелдеп келеді.
Ал Қайрат Нұртас болса, жүрісі қиындап, тәлтіректеп келе жатқандай көрінеді.
Қандай тойға. Қайда келгенін ұмытып қалған болса керек, тойханаға ішке кірген соң тамаданың Қайратқа бұл той кімдікі екенін түсіндіріп жатқаны да видеоға түсіп қалған.
Бұл видеоны көргендер "ойбууу, не болған, ішіп алған ба", "тойдан кейін де ішсе, болады ғой", "қайда келгенін білмей ме", шегіп алған ба" дегенге саятын пікір жазып, жағаларын ұстауда.


