Танымал тамада, актер "Елдос колобок" отбасылық бір видеосын жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
"Алматыға келіп қалдық. Бізді әспеттеп күтіп алмайсыңдар ма?" Деп әйелі Таңшолпанмен және анасымен қалжыңдасқан Елдос қазір барған жерінде бас ұстататынын айтты.
Орамалын түзетіп отырған Таңшолпанға қарап: "Танчоның елге қарайтын беті жоқ" деп тағы бір қалжыңды қойып қалды.
Елдос сонымен қатар дәл қазір "Болған оқиға" фильмінің премьерасымен ел аралап жүргенін, аяғы ауыр келіншегінің не нәрсеге болсын, тез ренжіп, жылап қалатынын айтты.
"Таңшолпанның құлағының қасында дәу фляг бар сияқты. Көзіне құйылып, сорғалап тұратын. Жүктіліктің әсері ме, Танчо өте көп жылауық боп кетті" деді Елдос.
Тамаданың отбасылық видеоларын тамашалаған оқырмандары Елдос пен Таңшолпанға игі тілектерін жаудырып жатыр.