"Тәңіршілдер мұсылман зиратына жерленбейді! Оларды христиандармен бірге жерлесін!"дейді имам

"Тәңіршілдер мұсылман зиратына жерленбейді! Оларды христиандармен бірге жерлесін!"дейді имам

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бір жаназадағы имамның уағыз айтқан видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Видеода әлдекімді жерлеу рәсімі жүріп жатқанда, имамның уағыз айтып тұрғанын көруге болады.

"Тәңіршінің жаназасын қайтіп шығарасың десең, "ол да қазақ қой" дейді.Тәңіршілер Алланы, исламды мойындамайды. Аллаға сенбейтін, менің тәңірім көк аспан деп айтқан адамды мұсылмандардың зиратына жерленбейді. 

Олар шамандар. Оларды христиандардың мазаратына апарасыңдар. Қазақ болса, қазақ бола берсін. Міне, құрметті жақсылар, балаларымызға ие болайық. Аллаға серік қоспа балам деп үйретіңіздер" дейді имам. 

"Мына имам қалай үкім шығарып тұр?", "кешірім сұраған видеосы қашан шығады?", "кнб қайда қарап отыр?", "Қаақстанның жері "мұсылманның жері" деген қай заңда жазылып еді? Не сандырақтап тұр мынау? Қазақстанның бүкіл жері қазақтыкі! Олай болса, кім қайда жерленетінін мынау имам емес, қазақ шешпей ме?" Деген пікірлер қарша борап жазылуда. 

Өкінішке қарай, имамның заңсыз, адами ақылға қонымсыз осы сөздерін қолдап, "өте дұрыс!", "имам шындықты айтты" десіп пікір жазып жатқандар да бар. 

Барлық жаңалықтар