Танымал құқық қорғаушы, қоғам белсендісі Әсел Нұрғазиева қайтыс болды деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы: "Атыраулық құқыққорғаушы, ұстанымына адал жан.
2016-шы жылы Жер митингісі кезінде Макс, Талғат, Ринат, Әлібектерге қолдау көрсеткен, кейін қудаланған тұста да жанынан табылған өжет қыз.
Беріге дейін Халықаралық Адам құқығын қорғау және заңдылықтарын сақтау бюросының Атыраудағы филиалына жетекшілік етті.
Соңғы уақытта ұзақ ауырды, Ринат қайтқанда Әсел Астанада ауруханада жатты, енді міне өзі де кетті.
Күрескер, шыншыл кісілер кетіп жатса жаңына қатты батады(
Атырауға барғанда аяқ-қолымызды жерге тигізбей, құрақ ұшып күткен, аңқылдаған ақкөңіл жан енді жоқ(
Кейбіреулердей әйтеуір өмір сүрмедің Әсел!
Керек едің мына қоғамға, амал қанша…"деп жазды қоғам белсендісі Абзал Достияров.