Танымал журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында "Бауыржан шоудың" бұрынғы актері жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
Танымал актер Нұрбек Мәдиев басынан өткен ауыр жағдайды айтып берді.
"Атамыздың мерейтойы болған, соған қатысып, шұбат ішкенбіз. Ертесіне әйелім, енем айтып, туыстарды апарып тасташы деп өтініп болмады.
Сол күні сол жолға шыққым келмеді. Барғым келмеді. Қоймаған соң, барып едім. Көлікте бажам, әйелім, балам, атамның ағасы бар еді.
Апатқа түстік. Әлі күнге дейін "бармаймын" деп неге айтпадым деп өкінемін.
"Сен қасақана жасадың, әдейі жасадың" деп кінәлағандар болды. Бір көліктің ішінде әйелім, балам да бәріміз бірге келе жатып, қалай қасақана жасаймын?
Әйелімнің өзі де аруханада жатқанында мені кіналаған еді. "Неге көлікті дұрыс айдамадың, бәрі сенің кесіріңнен"деп еді әйелім"деген актер күні бүгінге дейін ішінде үлкен өкініші барын айтты.