Танымал әзілкеш мемлекеттік марапаттың қаншаға сатылатынын жайып салды

Танымал әзілкеш мемлекеттік марапаттың қаншаға сатылатынын жайып салды

Шоу-бизнесте жүргендер мемлекеттік марапат жайлы ойын ортаға салды. Нұрболхан Шарапов мемлекеттік атақтың сатылатынын  жайып салды деп жазады Democrat.kz.

Белгілі блогер әрі әзілкеш Нұрболхан Шарапов атақтың ақшаға түсетінін айтып қалды.
 

«Осынша ақша төлесең, осындай атақ беріледі. Аласың ба?» деген сияқты қылды. Бұл осыдан төрт жыл бұрын болған әңгіме. Жалпы атақ алып жатқандардың көбісіне «е, сондай ма?» деп қаласың кейде», – деді шындығын жасыра алмаған Шарапов. 

Ал «Өнер қырандарының» актері Жанболат Найзабек атаққа бола басын ауыртпайтын кейіп танытты. «Ешкімнің бағымен таласпаймын. Әркімге әр жаста атақтың беріліп жатқанын бақ деп ойлаймын», – деді ол. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар