Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева Instagram парақшасындағы жазбасымен желі қолданушыларын алаңдатып қойды. Ол жанары жасқа толған суреттерін жариялап, жан сырын ақтарды, деп мәлімдейді Democrat.kz.
"Кейде өмірде мүлде қаламаған дүниелер болады. Бірақ қабылдайсың да, әрі қарай сүре бересің... Келесі аялдамаға жалғыз кеттім. Достарым, әзірге не болғанын айтпай-ақ қояйын. Бір ғана нәрсе – кінә өзімнен. Шынымды айтсам, жылап отыратын уақыт жоқ..." – деп жазды ол.
Көпшілік бұл жазбадан кейін әзілкештің отбасылық өмірінде қиындық туғанын болжады. Әлеуметтік желіде «Ажырасып кеткені рас па?» деген сұрақтар көбейді.
Айта кетейік, Мереке Қалбаева өзінен кіші Арсен Акиев есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Алайда қазіргі таңда әзілкеш жеке парақшасынан күйеуімен түскен барлық фото мен видеоны өшіріп тастаған. Бұл да желідегі қауесеттерді күшейте түсті.
Әзірге әзілкеш тарапынан ресми түсініктеме берілмеді. Дегенмен, желідегі жазбасы мен әрекеттері көптің көңілін алаңдатпай қоймады.

