Танымал блогер, фотограф Ернар Алмабек еліміздің тамаша табиғатын көрсетті

Танымал блогер, фотограф Ернар Алмабек еліміздің тамаша табиғатын көрсетті

Танымал блогер, фотограф Ернар Алмабек желіде тағы бір ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Democrat.kz Massaget.kz сілтеме жасап.

Бұл жолы саяхатшы Алматы облысы Кеген ауданындағы жайлауды көрсетті.

"Теңіз деңгейінен 3000 метр биікте өмір сүретін жандарға қонаққа барып қайттым. Бұл - көшпелі өмір салтын ұстанатын шопандар. Олар жайлайтын Қараарша жайлауы таудың басында, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасына жақын маңда орналасқан", - деді блогер.

Кадрларда мал қайырған шопандар, кілегей тартқан әйел, киіз үйдегі балалар көрінеді.

"Осындай интернет ұстамайтын жерге барып, балаларыма осындай өмір барын көрсеткім келеді", "Нағыз шынайы адамдар осылар ғой", "Неткен әдемі табиғат! Қарай бергің келеді!", "Барғым келіп кетті ғой", - деді желі қолданушылары.

Барлық жаңалықтар