Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева отбасы бар еркектермен жүретін қыздар туралы жазып, пәленің бәріне солар кінәлі екенін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Біреудің отбасын ойрандайтын әйелдерді жеккөремін! Өткенде осы тақырыпты сторисімде қозғадым, өйткені жан-жағымызда сондай шөпжелкелер қаптап жүр.
Содан мені жерден алып жерге салып сыртымнан парақшаларына салып балағаттайтын жүргіштер қаптап бәле болған…
Мұндай жағдайға еркек те кінәлі дейді ғой, Жооқ! Бірінші мұндай жағдайларға жартыкеш, біреудің бағына таласқан жүргіш әйелдер кінәлі! Сосын жылуға тоймайтын еркек кінәлі!
Әйел жыныстысы бұзылған ұлт жойылатынын, мемлекет күйрейтінін тарих талай рет дәлелдеген.
Отбасы, бала-шағасы бар еркекте ешқандай махаббат жоқ, нәпсі бар. Ал біреудің сол отбасын бұзған әйелде тәрбиесіздік пен қызғаныш, тегінен қаны бұзылған ауру бар.
Ендеше күнде жас қыздарымыздың құлағына құйып отырайық.
Өзгенің бағына таласпа! Байдың ақшасына қызықпа! Атаңа нәлет келтірме! Осының бәрі ашкөздігімізден!
“Ұлды тоқшылық, қызды жоқшылық құртады” Ақшасына бола талай месқарынға екінші қатын болған қаншама “шишабас” бар…
Бұл ұлттық мәселе! Барынша өз отбасын сақтап қалуға тырысқан Мөлдірге айтар ақылымыз да артық…
@moldir.mt Жүрек қозғалып қалды… Дәл осы күйде жүрген қаншама ақылды әйел бар… Олар ақылды, пысық, өмірге құштар, бәлелігі жоқ келіншектер еді…
Айналайындар! Қалада қызың болса қадағала! Оның әкелетін сыйлығына, сенің кредитіңді жапқанына мәз болып мақтанбай ақ қой! Ол жақсы емес!
Ашкөздіктің ақыры осыған апарады…
Біреудің ұйып отырған отбасын ойрандаған жерде мың жерден өліп кетсең де махаббат жоқ!!!
@janar_baisemiz Жанар! Біреудің мәселесін қайтеміз?-деуші едім, бұл жолы біреудің мәселесі арқылы қоғамның қазіргі жиіркенішті келбетін көрдік… Өкінішті…"деп жазды блогер.