"Желтоқсан желі" әнімен ел ішінде кеңінен танымал әні, композитор Әбиірбек Тінәлиев бүгінгееее дейін неге сахнаға шықпағаны туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Елдің көзінен таса болғаным, өнерімнің перденің арғы жағында қалып қойғаны - маған рұқсат берілмеді.
Бұл туралы маған ресми айтпады. Алайда "Қазақ радиосындағы" танысым "сіз қара тізімдесіз" деді.
Жиырмадан астам кісінің аты бар сол "қара тізімде" мен де бар екенмін. Сол себепті де қырық жылға жуық мені сахнаға шығармады" деген Әбиірбек Тінәлиев өзі елдің басындағы ауыр жайтты әніне арқау еткені үшін осылай "қара тізімге" кіргенін айтады.