Жас кезінде елу үш келі салмақ тартқан Жадо толысып кеткені туралы айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Жас кезімде биші болдым, 53 келі болдым. Қазір 120 келімін. Онымен мақтанбаймын. Бәра айтады «Жадо, неге арықтамайсың?» деп. Мен биші емеспін, әнші емеспін сахнаға шығатын.
Дегенмен, «сіздер неге маған тисе бересіздер?» деймін. Өйткені Аллаға шүкір, өзімді жақсы сезінемін. Бастысы, толық болсаң да, арық болсаң да, денсаулығың мықты болу керек. Арықтасам, бейнемді жоғалтам ба деп қорқамын», – деді ол.
Бір қызығы, құрбларымен бәстескен сәнгер он бес күнде он бес келі тастау арқылы көлік ұтып алған екен. Бірақ денсаулығына айтарлықтай зақым келгендіктен, дене бітімін қандай қалыпта болса да қабылдауға шешім қабылдағанын жеткізді. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)