«Сұлтан Сүлеймен» телехикаясындағы басты рөлі арқылы әлемге танылып, миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленген түрік актері Халит Эргенч Қазақстанға келмек, деп жазады Democrat.kz.
Танымал өнер иесімен шығармашылық фан-кездесу 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайы өтеді.
Актер қазақстандық жанкүйерлеріне арнайы бейнеүндеу жолдап, алдағы кездесуді асыға күтетінін жеткізді.
«Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйек сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында кездесеміз. Тағатсыздана күтемін. Кездескенше!» – деді ол.
Кездесу барысында көрермендер Халит Эргенчпен еркін форматта сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, кино әлеміндегі тәжірибесі мен өміріндегі қызықты оқиғалар туралы біле алады.
Кештің музыкалық бөлігінде Symphosaz этно-симфониялық оркестрі өнер көрсетіп, көрермендерге танымал түрік телехикаяларының сүйікті саундтректерін орындайды.