Instagram әлеуметтік желісінде өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов азаматтарды қорлайтын видеоматериалдар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Democrat.kz.
Ол өз сөзінде адамдарды «сиырлармен» салыстырып, қоғамда теріс пікір тудырған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен Н.Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге айыппұл салынды. Құқық қорғау органдары азаматтарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертіп, өзге адамдардың көзқарасы мен сеніміне құрметпен қарауға шақырды.