Танымал ұстаз Премьер-министрге ұсыныс айтып, үндеу жасады

Танымал ұстаз Премьер-министрге ұсыныс айтып, үндеу жасады

Танымал ұстаз, тарихшы Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ еліміздің Премьер-министрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ ұсыныс айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Датым бар!" деген білікті ұстаз "Ирандағы қандастарды елге қайтару жоспарларыңызда бар ма?" деп сауал тастады. "Біраз қазақ Әзірбайжанға өткен құсайды. Оларды пароммен Ақтауға жеткізу қиын емес қой.. Өркениетті елдер өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялап жатыр.
Германия 5000 адамды эвакуациялауға дайындалуда. Германия үкіметінің өкілі қазіргі уақытта эвакуация үшін "барлық нұсқалар қарастырылып жатқанын", алайда түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді. Израильде – 4000, Иранда – 1000 Германия азаматы ELEFAND жүйесі арқылы эвакуация тізіміне тіркелген.
Сонымен қатар: Чехия билігі Тель-Авивтен шамамен 80 азаматын көрші елге жеткізіп, оларды үкіметтік ұшақпен Прагаға эвакуациялады. Польша азаматтарын Иордания арқылы Израильден эвакуациялауды жоспарлап отыр. Әңгіме шамамен 200 поляк жайында. Әзірбайжан билігінің хабарлауынша, олардың аумағына Ираннан Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Финляндия, Португалия және Филиппин азаматтары өткен. Оларды «Астара» шекаралық бақылау пункті арқылы Бакуге жеткізген. Сенбі күні дәл осы жолмен Ираннан ресейлік кинематографистер тобы эвакуацияланды. АҚШ елшілігі Израильден дипломаттардың отбасы мүшелері мен бір бөлігін эвакуациялайтынын хабарлады. Елден кеткісі келетін америкалықтарға Иорданияға бару ұсынылды" деп жазды Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ. Фото интернеттен.  
Барлық жаңалықтар