Тарихшы Ғабиден Жәкей Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Халық қаһарманы, батыр тұлға Бауыржан Момышұлына қатысты жұртқа беймәлім тарихи құпияның бетін ашты деп жазады Democrat.kz.
Соғыс жылдары 497 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, көптеген жауынгерлер орден-медальдармен марапатталды.Тарихшы Ғабиден Жәкейдің айтуынша Бауыржан Момышұлының атақ алуына Сағадат Нұрмағанбетов қарсы болды дейді.
Қасым Қайсенов маған көзі тірісінде бір аманат айтып кеткен еді. Ол: "Мен дүниеден өткен соң осыны айт", — деген болатын. 1965 жылы Мәскеуден комиссия келді. Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевқа совет одағының батыры атағын берейік деп. Бәрі келісті тек бір адам қол қоймай қойды дейді. Ол — Сағадат Нұрмағанбетов болды. Кейін бұл мәселе қайта көтерілгенде, “қайтыс болған адамға атақтың не қажеті бар?” деген пікір айтылды", — дейді тарихшы.