Тасмағамбетовтің төңірегінде күбір-сыбыр әңгімелер басталды

Тасмағамбетовтің төңірегінде  күбір-сыбыр әңгімелер басталды

Саяси сахнадан біршама алыстаған Иманғали Тасмағамбетовтың төңірегіндегі түрлі күбір-сыбыр толастар емес. Бұл туралы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин жазды деп хабарлайды Democrat.kz.сайты Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Автордың пікірінше, Тасмағамбетовке қарсы ақпараттық науқанның түпкі себебі оның саяси беделі мен ел алдындағы тұлғасынан қорыққан бақталастарының қызғанышы мен үрейі.

Оны билік үшін қауіпті қарсылас көретіндер кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, беделіне көлеңке түсіруге тырысып жүр.

«Иманғалидың есім-сойын ел жадынан ешкім өшіре алған жоқ. Оның саяси сахнаға қайта оралуы кейбір жартыкеш саясаткерлерді үрейге бөлейді. Олар Тасмағамбетовты әлі күнге дейін көре алмайды», – дейді Ғабдуллин.

Журналисттің айтуынша, Тасмағамбетовке қарсы жиі қолданылатын аргументтің бірі Шаңырақ оқиғасы. Алайда автор бұған Иманғалиды кінәлауды орынсыз деп санайды.

«Шаңырақ оқиғасына Имекеңнің қандай қатысы бар? Үй-жайды сүруге бұйрық беретін әкім емес, одан жоғары тұрған органнан шығатыны белгілі. Алматы халқы жақсы біледі, Шаңырақтағы жерді оңды-солды үлестірген парақор шенеуніктер. Иманғали келіп, Авгийдің атқорасын тазалай бастағанда, осы схемадан пайда тапқандар оған қарсы арандату ұйымдастырды», – деп жазады журналист.

Ғабдуллин экс-президенттің тұсында биліктің ұшар басында болған кез келген адамның үстінен компромат жиналатынын еске салды. Оның айтуынша, атышулы Рахат Әлиев Тасмағамбетовке қарсы компромат жинауда айрықша көзге түскен.

«Әлиев Иманғалидің атын естісе, кірпідей жиырыла қалатын. Ол Тастың жолын жабу үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Сенбесеңіз, Қаңтардан кейінгі полковник Мұхтар Қарабековтың сұхбатын шолып шығыңыз. Самат Әбіш пен Дариға Назарбаева одан Тасмағамбетовке қарсы жалған куәлік беруді талап еткен. Қарабеков төрт жыл бойы ҰҚК жертөлесінде отырса да, жалған құжатқа қол қоймады», – деп жазады автор.

Айтуынша, Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның хатшысы болған тұста тағы бір компромат науқаны басталған. «Ивангали» деген жағымсыз атауды ойлап тауып, оның образын халыққа қарсы қойғысы келген...

Барлық жаңалықтар