Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай “Қайрат” футбол командасында ойнағаны туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
“Мектеп кезінде шашушы едім. Әттең, менің жылдарымда профессионал футболда орысшаң жетік болмаса, шеттетуші еді. Сол күйі көңілім қалып, тастап кеттім. Мүмкін, бұл сөзім жай сылтау шығар”, – деп жазды Әділет.
Әкесі әнші Сәкен Майғазиев те ұлының құрамада ойнағанын растады.
“Негізі, ұлым бүгін “Реалға” қарсы ойнап жүретін жігіт еді. Өзі қаржыгер боламын деп шешті. “Қайратқа” жеңіс тілеп қояйық, достар”, – деп жазды әнші.