"Тәуке ханға дейін туыстық неке болған" деген имам айды аспанға бір-ақ шығарды

"Тәуке ханға дейін туыстық неке болған" деген имам айды аспанға бір-ақ шығарды

Белгілі имам Еркеғали Сағынбайұлы өзінің желідегі парақшасында туыстық некеге қатысты пікір білдіріп, айды аспанға бір-ақ шығарды деп жазады Democrat.kz.

Имам қоғамда бірнеше күннен бері дау тудырып жатқан уағызшы Данияр Кенжеұлының Құранда туыстық некеге тыйым салмағаны туралы сөздеріне пікір білдіріп, жақтап шықты. 

"Данияр Кенжеұлының Құрандағы кімдерге үйленуге болатын, болмайтынын айтты. Ол Құранның үкімін айтты. 

Бір сөзінде оған қарсы екенін де айтты ғой. Бірақ кейбіреулер соны дұрыс түсінбей жатыр. 

Осыған байланысты, Тәуке ханның кезінде "Жеті жарғы" деген заңдар жинағы жасақталды. Сол жерде жеті атаға дейін қыз алыспауға қатаң тыйым салынды. 

Тәуке хан кім, араб па, өзбек пе? Қазақ қой. Енді ойланып көріңіз, Тәуке хан тыйған болса, демек, Тәуке ханға дейін туыстық неке жасалғанын көреміз. Автоматты түрде сондай бір түсінік шығады.

Ол тыйған болса, демек, оған дейін болған нәрсе бұл.Егер оған дейін жасалмаған нәрсе болса, не бар оған тыйым салып? 

Сондықтан біз де айтамыз, иә, ол Құранда айтылған, белгілі бір себептермен, айтылу себебі бар, мақсаты бар, бірақ мұсылмандарға міндетті түрде "орындаңдар" деген бұйрық, әмірді көрсетпейді.

Осыны түсініп алу керек. Бұйрық, әмір емес. "Намаз оқы, зекет бер" деген бұл бұйрық. Оны істемесең, күнәһарсың. Ал ол жерде Алланың айтқаны некенің болатынын, бірақ ол бұйрық емес екені айтылған. 

Сол кездегі заманда бір нәрсемен байланысты айтылған дүние ол. Сондықтан қазір біз Тәуке ханның "Жеті жарғысындағы" жеті атаға дейін қыз алыспау заңын қатаң ұстанамыз", дейді имам. 

Барлық жаңалықтар