Алдағы уақытта Қытайдан келетін тауарларға ҚҚС салынуы мүмкін. Бұл құн салығы әсіресе көпшілік қазір әбден үйреніп, күн сайын тапсырыс беретін Пиндуодуо және Темудан келетін тауарларға салынып, тұтынушылардың қалтасына қатты әсер етуі мүмкін деп жазады Democrat.kz.
Қытайдың Пинудуодуо және Тему онлайн маркеттерінен тауарға тапсырыс бермеген адам елімізде аз шығар. Бұрын бір айда жеткізілетін қытайлық тауарлар қазір түрлі карголардың арқасында әрі кетсе, он күнде үйіңізге келіп тұратыны тиімді еді.
Ал бәрінен де тиімдісі, қытайлық тауарлардың бағасында болатын. Қазақстанда бес мыңға алған затты әлгі қытайдың онлайн дүкендерінден екі есе арзан баға алуға мүмкіндік барын көпшілік біледі.
Өкінішке қарай, енді алдағы уақытта Қытайдан тапсырыс берілген әр тауарыңыз үшін ҚҚС қосылуы мүмкін. Кез келген жеке пайдалануға арналған шағын пакеттерге де бұл құн салығы әсер етеді. Бұрын мұндай тапсырыстарға салық салынбаған, бұл Temu және Pinduoduo тауарларын өте арзан етіп келген.
Бұл қалай жұмыс істейді:
Мемлекет әр сатып алушыға жеке шот-фактура жасамайды. ҚҚС жеткізу қызметтерінің тасыған тауар құнына салынады.
"Temu және Pinduoduo-ны ешкім жаппайды, керісінше-ҚҚС пайда болуына байланысты бәрі қымбаттайды. Өзгерістер осы жылдың жазында күшіне енеді", - деп түсіндірді салықтық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев.