1 қыркүйектегі биржалық сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 458,45 теңгеге дейін төмендеді. Бір тәулікте АҚШ валютасы теңгеге қатысты тағы 3,12 теңгеге арзандады, деп жазады Democrat.kz.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда 1 қыркүйек сағат 15:30-да аяқталды.
Informburo жариялаған KASE дерегі бойынша, доллардың орташа өлшенген бағамы 458,45 теңгені құрады.
Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда АҚШ валютасы 3,12 теңгеге арзандаған.
Айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 458–459 теңгеден сатып алып, 460–461 теңгеден сату ұсынылды.
Еуроның сату бағасы шамамен 535–537 теңге, Ресей рублі 5,27–5,35 теңге аралығында болды.
Сонымен бірге әлемдік нарықта Brent мұнайының қараша фьючерстері барреліне 92 доллардан жоғары саудаланды.