Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісованың марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы жары туралы жазған даулы пікірі қайта тарап, жұрт назарын аударды, деп жазады Democrat.kz.
Бұл жолы желі қолданушылары арасында саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова жариялаған ескі скриншот қызу талқыланып жатыр. Скриншотта Мақпал Жүнісованың оқырмандарының біріне жауап бере отырып, Нұрқаділовтер отбасының жеке өміріне қатысты өте ауыр мәлімдеме жасағаны көрінеді.
«Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған. Көзінің тірісінде басқа байда болды ғой. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты», – деп жазған әнші.
Мақпал Жүнісованың бұл сөздері кезінде де қоғамда үлкен резонанс тудырған. Себебі әңгіме марқұм саясаткердің отбасы мен оның бұрынғы жарының жеке өміріне қатысты болып отыр.
Алайда әншінің жазбасында айтылған жайттар – оның жеке мәлімдемесі. Бұл деректердің растығы ашық әрі ресми дереккөздер арқылы расталған жоқ.
Ал Құралай Нұрқаділова бұл сөздерді жауапсыз қалдырмаған. Желіде тараған видеода ол Мақпал Жүнісованың әрекетіне ашуланып, анасының ұзақ жылдар бойы үндемей келгенін айтқан.
«Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың. Бірақ үндемей қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл үндемей келді. Жазғаны дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр. Менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін. Бекер істеді», – дейді Құралай Нұрқаділова.
Осылайша, арада уақыт өткенімен, Нұрқаділовтер отбасы мен Мақпал Жүнісованың арасында бұрын болған кикілжің әлеуметтік желі арқылы қайтадан күн тәртібіне шықты.
Әсіресе Құралай Нұрқаділованың «анам сонша жыл үндемей келді» деген сөзі жұрт назарын аударып отыр. Ал Мақпал Жүнісованың отбасының жеке өміріне қатысты ашық жазбасы ескі жараның аузын қайта ашқандай болды.
Қазір желі қолданушыларының бір бөлігі көпшілікке белгілі адамдардың жеке өмірін осылай жария талқылауды орынсыз деп санаса, енді бірі тараптардың арасында көпшілікке белгісіз ескі реніш болуы мүмкін екенін айтып жатыр.
