"Тигранның күлі қасымда" деген Маргарита Симоньян сұмдық құпиясын жариялады

"Тигранның күлі қасымда" деген Маргарита Симоньян сұмдық құпиясын жариялады

Маргарита Симоньян "Секреты на миллион" эфирінде балалары оның диагнозы туралы әлі білмейтінін мойындады.Сонымен қатар ол өзі өлген соң не істеу керегін жақындарына аманаттағанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Эфир барысында Симоньян: "Балалар менің айықпас дертке шалдыққанымды әлі білмейді. Мен жақындарымның бәрін жинап, отырғыздым да: "Тыныш. Отбасы қандай қиын кезеңнен өтіп жатқанын көріп тұрсыз ба? Иә, менде қатерлі ісік бар, бірақ мен бар күшімді саламын, жаратушы не бұйырса, соны көремін" деп мен өлген соң не істеу керегін тапсырдым", деді.

Сондай-ақ, Симоньян Тигран Кеосаянды әлі жерлемегенін айтты. Күйеуінің күлін кремациядан кейін ол үйде, жатын бөлмесінде сақтап жүргенін айтты. 

"Бес жыл бойы салынып жатқан үйіміз біткенде, Тигран екеуіміздің келісуіміз бойынша, пиния ағашының түбіне күлдеріміз көмілуі керек. Біз солай келіскенбіз. Мен өлген соң да, кремация жасалып, Тигран екеуіміздің күлімізді бірге пиния ағашының түбіне бірге көмеді" деді Маргарита Симоньян. 

Барлық жаңалықтар