ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Doktor деген атпен аккаунт ашқан азамат Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сұмдық бір жайтты айтты.
Тиктокердің айтуынша, Қаржаубай Нұрымов кезінде өз әкесін сабап, жіппен байлап, тастап кеткен.
"Шардарадағы әкесін сабап өлтірген жігітке байланысты пікір сұрап жатыр екен. Қазақта ондай жағдай "Жеті жарғыдан" жазасы бар" деп сөзін бастаған тиктокер: "Талғарда болған қанды оқиға, марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов та кезінде өз әкесін сабап, жіппен байлап тастап кеткен.
Бұл туралы маған Қаржаубайдың туысы болып келетін адам айтқан. Видеосы да бар" деді.
Тиктокердің бұл видеосына қатысты оқырмандары "Қаржаубайда шаруаң қанша?", "жала жаппа", "қойсайшы" дегенге саятын пікір жазуда.