Тиктокер пойыздағы масқараларды әшкереледі

Тиктокер пойыздағы масқараларды әшкереледі

Қазақстандағы кей пойыздардың ішіндегі былықтарды әшкерелеп видео түсірген тиктокер сыздауықтың бетін тырнағандай болды деп жазады Democrat.kz.

"1894 жыл. Қазақстанның Целиноград қаласынан Верный қаласына кетіп барамыз. Ең алғаш ашылған теміржол магистралі. Пойыздың ішінде жапонның жаңа технологиялары бар" деп өткен ғасырдың вагондарын видеоға түсірген тиктокердің не айтқысы келгенін жұрт жақсы түсінді. 

Сақырлаған ескі вагондардың ішіндегі төсек те, зат қоятын жері мен тіпті шамына дейін өткен ғасырдың заттары. 

Тозығы әбден жеткен бұл вагондар күн сайын миллиондаған кісіні тасып жүр.

Десек те, бір ғана билеттен түсетін миллиардтаған қаржыға ҚТЖның бүгінге дейін бүкіл вагондарды жаңартуға мүмкіндігі болса да, әлі күнге дейін қазақстандық жолаушылар тозығы жеткен вагондарда, жыртылған төсектерді, иісінен тұншығып өлердей сасық туалеттерді қолданып, жолаушылап жүргені өкінішті. 

Барлық жаңалықтар