Әзілкеш, киногер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жұрттан оңбай сөз естіді деп жазады Democrat.kz.
Нұрлан Қоянбаев өз парақшасында: "Қазақстанда Мемлекеттік тіл біреу, ол- қазақ тілі!!!“Бір қоғам,бір тіл,бір мақсат” - деп тредстен бұрын “Қазақ әлемі” киносында айтылған еді…
Өзімнің саламда “Қазақ тілі” тақырыбында менің ешкімге көрінбейтін күресім бар. Өзге елде, өзге тілде КВН ойнасам да, өзімнің елімде тек ҚАЗАҚ ТІЛДІ жобаларының көбеюіне 25 жыл қызмет етіп жүрмін.
Қызық радиосы, Шатақхана, Намыс дода, Әзіл студия, Базарбаевтар, Түнгі студия және т.б. Қазақ елінде 30 жыл бойы билеп жүрген өзге елдің киноларының дәуірін тоқтатуына, кішігірім әсер еткен азаматтардың қатарындамын. Әрине, мен үшін ҚАЗАҚ тілі бірінші орында", деп жазба жариялаған болатын.
Онсыз да бұған дейін "Нұрлан Қоянбаев неге тіл мәселесіне қатысты, жаңа Конституциядағы тілге қатысты бапты өзгертуге қатысты аузын ашпады" деп жұрт Қоянбаевты сөгіп жатқан болатын.
Содан болса керек, киногердің мына жазбасына қатысты төмендегідей сыни пікір жазғандар болды.
"Сіздер секілді ағаларымыз билікке үндемесе, құрығанымыз осы шығар, өйткені ол кісілер бізді тыңдауға құлқы жоқ"
"Нұреке, сізден жұрт нақты бір талапты күтіп отыр ғой"
"Америка Европаның әнші актер ел білетін адамдары өздерінің позициясын ойын ашық айтады біздікілерде бір емешектері үзіліп тұрады жеке ойлары жоқпа дейсің"
"Ешкім бастарыңды кесіп, шапандарыңды шешіп алмайды ғой. Халық қоймай сендерден талап етіп жатқан соң, амалдың жоғынан жазудың керегі жоқ, саналы түрде, өз ішіңдегі сөзді шығару керек қой"