Әлеуметтік желіде қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың қызы афроамерикандық жігітке тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.
Төмендегі ТикТок парақша иесі "Тимур Құлыбаев пен Динара Назарбаеваның қызы афроамерикандық жігітке күйеуге шықты. Құлыбаевтардың жаңа құдалары" деген жазбамен видео таратты.
Бұл ақпараттың рас-өтірігіне қатысты әзірге Құлыбаевтардың тараптарынан мәлімдеме жасалмады.
Десек те, парақшаның оқырмандары қазақстандық миллиардерді құттықтаудан гөрі, көбірек ақыл-кеңестерін беріп жатыр.
"Енді бізде афроамерикандық миллиардер бар", "бұлардың балалары титтейінен шетелде өскен, өздерін қазақ санамайтын да шығар", "несі бар, әдемі жігіт екен", "жетіскен екен" деген сарында жұрт пікір жазуда.