Титтей бала алдыңғы өмірі туралы, қалай өлгені туралы айтып, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Титтей бала алдыңғы өмірі туралы, қалай өлгені туралы айтып, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Сергуниндер әулеті 3-4 жасар ұлдарының айтып берген "өткен өмірі" туралы әңгімесіне таңғалып, әлеуметтік желіде видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Сергунин отбасының кішкентай ұлы алдыңғы өмірдегі отбасын еске алып: "Әкем мен шешем өліп қалған. Есімдері Михаиловтар еді.

Әкем полиция қызметкері болған, ал анам мұғалім болып жұмыс істеген. Олар қатал болатын, мен бірнәрсені сындырып қойсам, маған ұрысатын.

Ал сендер ондай емессіңдер. Олар ашуланып, өлді, содан олар қайтыс болып кетті. Кейін мен сендерге қанатыммен ұшып келдім. Келгеніме қуанамын"дейді.

Титтей баланың мына сөздеріне таңғалған Сергуниндер отбасы "бұл шындық па, әлде баланың қиялы ма?" Деп сұрау салды. 

Видеоны көргендер өз балаларының да осыған ұқсас жайттарды анық, еш мүдірмей айтып бергенін сөз етіп, "алдыңғы өмір, реинкарнация деген бар" деген ойларын ортаға салуда. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар