Үндістанда Бангладештен қашып кеткен 12 жастағы қызды үш ай ішінде 200-ден астам ер адам зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Mirror басылымының мәліметінше оқушы емтиханнан құлап қалғаннан кейін ата-анасының жазасынан қорқып, Үндістанға қашып кеткен. Оған бір әйел көмектесуге уәде берген. Алайда ол баланы Гуджарат штатының Надиад қаласында жыныстық құлдыққа сатып жіберген.
Жергілікті белсенділер мен полицейлер босатқанға дейін қыз үш ай бойы зорлық-зомбылық көрген.
Нәтижесінде адам саудасы желісін ұйымдастырумен айналысқан он адам ұсталған.
«Бұл қыздың балалық шағын адам саудалайтын құбыжықтар ұрлады», - деді Harmony Foundation қорының төрағасы Абрахам Матаи.