Әлеуметтік желіде "қолдары, саусақтары киелі" Тоха шалдың қолдарын сүйген Амангелді уағызшының видеосын жұрт күлкі етіп, мазаққа айналдырды деп жазады Democrat.kz.
Видеода уағызшы Меккеге барғанын, "ұлы Тоханың" өз қолынан Құран кітабын алғанын айтады.
"Меккеге бізбен барсаңыздар, сіздер де Тоқа атамыздың Құран кітаптарынан аласыздар. Өткенде Тоха атамыз менің қолымдағы жүзікке көзі түсіп еді.
Дәл сондай жүзікті атамызға арнайы жасатып әкеліп, саусағына тақтым" деп уағызшы өзінің қажылық фирмасын да жарнамалайды.
Бұл жерде уағызшының Тоқаның қолдарын сүйгені, Құран кітап емес, жұрттың видеоға қатысты пікірлері анағұрлым қызық болды.





