Әлеуметтік желіде тараған видеода елімізде өткен бір тойдағы масқара жағдай бейнеленген деп жазады Democrat.kz.
Видеода әдеттегідей тойда асаба ұйымдастырған ойын болса керек, ортаға шыққан еркектердің үстіндегі киімдерін шешіп алуға асыққан әйелдер шулап жатыр.
Бірнеше еркек тойдың ортасында жартылай жалаңаш мәз болып отыр. "Тез шешінеді екенсіз, балаңыз көп болады екен" деген асабаның сөзіне тойшыл қауым мәз.
Видеоны соңына дейін көріп шыққан жұрт жағасын ұстап, таңдай қақты. "Мынау енді таза масқара!", не көрінді сонша", "осындай да ойын бола ма?", "мынадай асабаларға заңмен тыйым салу керек" дегенге саятын пікір жазуда. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)