"Тойға айналған жаназа": Тойбастар таратқан жаназа жұртты шошытты

"Тойға айналған жаназа": Тойбастар таратқан жаназа жұртты шошытты
Жасы сексеннен асқан әжелерінің жаназасын ерекше етіп өткізгенін айтқан әлеуметтік желі қолданушының жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
 
Threads желісін қолданушы: "84 жасқа келген әппақ әжемізді қыздай қылып, арулап, арты шашу болсын деп ана дүниеге жөнелттік.
 Жатқан жерің жайлы болсын, әжем.
11 құрсақ көтеріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, алдына ешбір баласын салмай, өзінің орнымен, артына сандығын дайындап кеткен әжеміздің жасын берсін.
Әумин деп қойыңыздар"деп жаназадан видео жариялады. 
 
Жаназа емес, кәдімгі той сияқты өткен бұл нәрсеге жұрт қатты таңғалып, сыни пікірлер жазуда. 
 
"Үлкен кісінікі той десе де қаза болған үйде бір түрлі екен,қайтқан адамның киімдерін ғана соңынан үлестірмеуші ме еді. Той ма,қаза ма, түсінбей қалдық қой"
 
"Мынау шли қатты қателік ау… Материал жарайды,кілем мен тойбастар артық ау.. Көңілі құлазып қайғырған ұл қызында көріп тұрғанымыз жоқ. Бәрінің ойы жақсы нәрсе алып қалу.."
"Ужссс , енді жаназаныда құдалыққа айналдырып тастағансыңдарм"
 
"Бірінші видеоға көзім түсіп, төбесінде 84жасқа келген әжемізді қыздай қылып деп бастап оқып жатқанда, әжені ұзатып жатырма деп ойладым сразу. Ой деген жүйрік қой. Сосын ары қарай оқысам, ақтық сапары екен. Жаны жаннаттық болсын әженің. Бірақ енді, мына жасап жатқан дүниелеріңіз өте қате сияқты. Үлкен кісі қайтқаны той дегенді тікелей түсінген сияқтысыздар ғой. Бәрі тарқаған соң, жақындарына кішкене орамал, әженің әшекейлерін, комзолдарын беруші еді, осы кісінің жасына жетіңдер деп"
 
" Жоқтау айтып, қара жамылып, анасынан айрылып зар еңіреген, анасын жоқтайтын бір перзенті болмады ма"
Барлық жаңалықтар