Толқын Забирова тойдағы жұрттың зәресін ұшырды

Толқын Забирова тойдағы жұрттың зәресін ұшырды

Белгілі әнші ел алдына күтпеген кейіпте шықты, деп жазады Democrat.kz.

Опера мен эстраданы селбестіре шырқап, ерекше стиль қалыптастырған өнер иесі жұртты таң қалдырудан жалығар емес. «Жақында бір үйлену тойында «Призрак оперы» әнін орындауымды өтінді. Бұл мен үшін нағыз тосынсый болды, себебі әдетте «Призрак оперы» секілді күрделі және әсерлі шығармаларды осындай шараларда сұрамайды» деген ол қорқынышты образда өнер көрсетті.  

Бірақ бұл сахналық қойылымнан тұратын туындыны әркім әр қалай қабылдады. Бірі әнші мен оны арнайы шақырған той иелерінің талғамын жоғары бағаласа, ендібереулер ақыл тоқтатқан адамға мұндай стильде ән айтудың ерсі екенін алға тартты.

(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар