"...тоңқайса...": Танымал блогер Оқу ағарту министріне үндеу жасады

"...тоңқайса...": Танымал блогер Оқу ағарту министріне үндеу жасады

Мектеп оқушысының хиджаб киюіне қатысты Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдемесінен кейін діншіл қауым әлі әлеуметтік желіде наразылыққа толы қисынды-қисынсыз пікірлерін айтып, даурығып жатыр. "Шешеңдісыйлайын" деген сөзімен танымал болған блогер Мадияр да осы мәселеге қатысты пікірін білдіріп, министрге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Блогер Мадияр министр Сүлейменованың мәлімдемесіне ренішін білдіріп: "Министрдің "ҰҚК-мен, жергілікті билік өкілдерімен бірге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер оқушы мектепке хиджабпен келсе, сол мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін" деп жатыр. Түсінікті. 

Мектепте орамалды оқушылар болса, мектептің лицензиясын тартып алады екен. Енді менің министрге сұрағым бар, қысқа юбкамен көшеде жүр, тоңқайса, түрсиі көрінеді, мектеп оқушылары. Сондай мектептерді көрсек, біз не істесек болады? Кімге хабарласа аламыз? Кімнен көмек сұрай аламыз?", - деп үндеу жасады. 

Діндар блогердің айтқысы келгені, оқушының хиджабына тыйым салынса, қысқа етекті мектеп формасына да тыйым салынсын болуы мүмкін. Алайда кез келген сауатты кісі мектеп формасына қойылған талаптарда тізеден төмен белдемше киюді көрсеткенін білсе керек-ті. 

Өкінішке қарай, "хиджаб дауында" даурыққандардың алға тартқан уәждері "қыздар орамалмен барса, не болыпты? Олардың құқығын бұзып жатыр. Мектепте санын жалтыратып, қысқа форма киіп жүрген қыздарға неге тыйым жоқ" дегенге саяды. 

Мектепте жартылай жалаңаш жүрген оқушы жоқ. Хиджабқа тыйым салу - құқық бұзу емес, заң талабын орындау. Бүгін қыздарына хиджаб кигізсе, ертең ұлдарына сақал қойсын, арғы күні ұл мен қыз бөлек оқысын, сосын намазхана ашып бер, әрі қарай биология, жаратылыстану пәндерін оқытпа деген талаптардың қойылары сөзсіз. 

Ең қызығы, қазақстандық діншіл қауымның бұл елде түрлі дін өкілдерінің тұратынын "ұмытып" тек "менің айтқаным болсын, шариғаттың заңымен жүрейік" деп жер тепкілеуі - саналы сауатты кісінің қылығы ма? 

Барлық жаңалықтар