Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды деп жазады Democrat.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.