Бүгін Ақордада ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір жақсы жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
«Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді. Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы», -деді Тоқаев.
Осыған орай, президент жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет екенін айтты. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.
Айта кетейік, биыл Республика күнінің қарсаңында Қазақстанда «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» ордендері бірінші рет өз иелерін тапқан.