Тоқаев авиация саласындағы реформаларды жеке бақылауға алды

Тоқаев авиация саласындағы реформаларды жеке бақылауға алды

Бүгін Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп жазады Democrat.kz.

"Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау нарығындағы өзара ықпалдастық "бірыңғай цифрлық терезе" қағидаты бойынша жүргізілуге тиіс. 2019 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау үдерісін жеңілдетуге бағытталған E-freight жүйесі іске қосылды. Бірақ бүгінге дейін бұл жүйенің қызметі шектеулі күйінде қалып отыр. Құжаттарды ресімдеуді кешіктіру деректері бар", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзекті мәселенің бірі - авиация саласына қажет кәсіби мамандар даярлау.  

"Білікті кадрлар болмаса, реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл салада кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Жыл сайын жүздеген маман керек. Осы мәселені шұғыл шешу қажет. Үкіметке кадр даярлау жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Халықаралық білім-ғылым мекемелерімен байланыс орнату қажет. Сондай-ақ, мамандардың біліктілігін арттыратын құзырет орталықтарын құру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көлік және логистика саласын дамытудың стратегиялық мәні зор екенін айтып, бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Барлық жаңалықтар