Тоқаев француз президентін қазақша сөйлетті

Тоқаев француз президентін қазақша сөйлетті

Франция президенті Еммануел Макрон Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ertenmedia.

Әңгіме француз тарапының бастамасымен өткен. 

Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселеcі талқыланғанын атап өтті.

"Президент Тоқаевпен былтыр қарашадағы менің Қазақстанға жасаған сапарым және Қазақстан президентінің Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізген келісімдерді жалғастыру жолдарын талқыладық. Әсіресе, энергетика мен көлік-логистика салаcындағы әріптестікті нығайтуға ерекше екпін бердік", – деп жазды Макрон.

Екі ел басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де сөз еткен. 

Атап айтқанда, Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп соғысы мен Оңтүстік Кавказдағы келіссөздер барысы талқыланды.

Әңгіме соңында екі ел президенті Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың дамуына оң баға беріп, сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға уағдаласқан.

Макронның қазақ тілінде арнайы жазба қалдыруы Париждің Ақорданы Мәскеу мен Бейжіңнің ықпалынан тыс, дербес және толыққанды стратегиялық серіктес ретінде мойындағанын аңғартады.

Барлық жаңалықтар