Астаналық Әміре есімді бүлдіршіннің патриоттығы көпшілікті тәнті етті. Бұған дейін бұл бала секілді сағынышын жеткізген ешкім жоқ шығар деп жазады Democrat.kz.
Анасы әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеген.
Видеода баласы:
"Мама, біз Қасым-Жомарт Тоқаевқа барамыз ба? Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым. Оның бетінен сүйемін, қасында отырғым келеді", - деген.
Бұл өтінішін жерге қалдырмаған анасы оны LRT-ға отырғызып, Ақорданы көрсеткен.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына барамыз. Қасынан өтеміз", - деді анасы.
LRT-ға отырып, Ақорданы көрген балақай бірден еліміздің әнұранын орындай кетті.
Бірақ Президентті көре алмағанына мұңайып, жылап қалды.
"Мүмкін көріп қалар, мүмкін жауап алар, мүмкін кездесіп те қалар", - деп жазды анасы.