Тоқаевты таңдамаған жұрт тосынсыйдан қағылды

Тоқаевты таңдамаған жұрт тосынсыйдан қағылды

Желіде көшедегі жаяу жүргіншілер арасында жүргізілген сауалнама тарады, деп жазады Democrat.kz.

Онда сұрақ қоюшы блогер өткен-кеткендерден Қазақстандағы танымал адамдардан кімді жақсы көретінін сұрады. Сауалнамаға қатысқандардың бірі Тұрсынбек Қабатовты, бірі Мақпал Жүнісованы, енді біреулері Нұрлан имамды ерекше бағалайтынын білдірді. 

Сөз соңында блогер пікір жолына жауап жазған жанды қуантатынын жеткізді. Себебі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жақсы көретінін айтқан адамды таппай, қынжылды. 
Ал желідегі жұрттың арасында  «Ондай адамды Ақорданың ішінен іздейсің-ау» деп әзілге алғандар бар.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар