Әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әнін жариялаған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға жұрт игі тілектерін жаудырды деп жазады Democrat.kz.
Мөлдір Мұқанова "Өмір сүр, қалма елден" деген жаңа әні жарыққа шыққанын мәлімдеді.
Осы жаңалығымен бөліскен продюсер, әнші Мөлдір парақшасында өз ортасын көрсететін, кімдермен араласатынын білдіретін видео да бөлісті.
Видеода Мөлдірдің еліміздегі өте танымал қыз келіншектермен өте жақын араласатынын байқау қиын емес. Мұнан бөлек, Мұқанованың ондай ортадағы сыйы мен абыройы да салмақты екені көзге бірден түседі.
Содан болса керек, Мөлдір Мұқанованың видеосының астына пікір жазған оқырмандары оған тек сәттіліктер тілеп, ең жақсы сөздерін жазуда.
Сондай пікірлердің ішінде ерекше назар аударған бірнеше пікір кез келгенді ойлантары сөзсіз.
"Тоқал мәңгіге абыройсыз қалады екен. Тоқал қанша ышқынса да, кәкір шүкірден шыға алмай ышқынып жатыр екен. Ал Мөлдірдің айналасында таудың тасындай адамдар жүр. Айман ұтты ма, Мөлдір ме? Мөлдірдің орны бәрібір төрде қалады. Тоқалдар қанша тоңқылдаса да, түк сыйы болмайды. Мөлдір, сізге басымды идім!", "Мөлдір, мықтысың!", "осылай жарқырап жүр", "әр жаман әйел Мөлдірдей болсын" дегенге саятын пікірлер жазуда.



